ҚР Үкіметі еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындап, орналастырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.