ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы қаралды. Мәселе бойынша экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация министрлері, ТЖ жөніндегі вице-министр және өңірлер әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.