Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық кәсіпорындардың 179,7 млн теңгеге шығындарының бір бөлігін өтеді. Аталмыш кезеңде орталыққа кәсіпорындардан мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін 130 өтінім келіп түскен, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.