Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 – жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және Group 42 компаниясымен бірлесіп, неғұрлым заманауи технологияларды пайдалана отырып, суперкомпьютерді іске қосатын болады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсбі министрлігінің инновацияларды дамыту департаментінің директоры Дархан Мырзабаев мәлімдеді.