Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысында жұмыс сапарымен жүр. Ол облыс әкімімен бірге Құлсары қаласынан Ақтөбе облысымен шекараға дейінгі аумақты тікұшақпен айналып өтті. Кейін ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.