Бүгінгі таңда Қостанай облысының оңтүстігіндегі су тасқыны жағдайы тұрақталды. Күштер басқа аймақтарға бағытталды. Қаратомар су қоймасын толтыру қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта қуаттылығы 3,3 мың м3/с Қостанай қаласына қарай су ағызу жүзеге асырылуда, мұндай деректерді ОКҚ брифингінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты.