Қостанай облысында 25 – наурыздан бастап тілсіз жаумен арпалысу әлі күнге дейін жалғасуда. Өңірдің оңтүстік төңірегінде ең жоғары қауіп Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарында болды. Қазір Қостанай қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланған. Себебі, Тобыл өзені көтерілді. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ алаңында мәлімдеді.