Бүгін елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Волонтерлер де белсенді көмек көрсетіп жатыр. Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Министрлік Ұлттық волонтерлік желімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп «Күшіміз бірлікте» акциясын жариялады. Қазіргі уақытта барлық өңірде волонтерлердің фронт-офистерінің базасында волонтерлік штабтары құрылып, 20 мыңнан астам волонтерлер тартылды. Бұл туралы ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова ОКҚ алаңында мәлімдеді.