Батыс Қазақстан облысында қауіп әлі сейілген жоқ. Орал қаласы және 12 ауданның 8 ауданында жағдай тұрақталды. Бірақ облыс орталығы мен Жайық бойында орналасқан 4 ауданда су қаупі бар. Олар: Ақжайық Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары. Сол ауданда 90-нан астам елді мекен бар. 80 мыңнан астам халық тұрады. Олардың барлығы Жайықтың бойында орналасқан. Жайық - РФ Челябі облысынан келетін өзен. Олардың көп мөлшерде су тастауы өңірге қауіп туғызады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ брифингінде хабарлады.