Биыл Жастар бастамаларын дамыту орталығында еріктілік орталығы өз қызметін қайта бастады, оның аясында «Біргеміз» фронт-офисі ашылды. Фронт-офистің мақсаты жастар арасында еріктілік қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, олардың әлеуметтік жобалар мен бастамаларға белсенді қатысуын ынталандыру, сондай-ақ түрлі қоғамдық және қайырымдылық бастамаларға қолдау мен көмек көрсету болып табылады. Бұл туралы Павлодар облыс әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің волонтерлік орталығының басшысы Айжан Қали ОКҚ брифингінде хабарлады.