ТЖ режимі жарияланған аудандардағы су тасқыны жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің су басу салдарының алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарға қатысуы кеңейтілуде. Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 1500-ден астам әскери қызметші, 104 бірлік автомобиль техникасы, 3 армиялық авиация тікұшағы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ҚМ ресми өкілі Жангулин Руслан ОКҚ алаңында хабарлады.