Облыс әкімінің төрағалығымен Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда. Ахуал толығымен бақылауда. Су тасқыны кезеңінде ең көп электр желісінен ажыраған елдімекендер саны 55-ке жетіп, 5195 абонент болған. Қазіргі таңда ол сан 9 есеге азайды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында осылай деді.