Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің үш облысында су тасқыны кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болатын селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және тиісті жөндеу, өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуге тиіс мердігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.