Оқу-ағарту министрлігі оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пункттердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды. Бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жолданады. Орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің жатақханаларына орналастырылады. Жоғарғы сынып оқушылары уақытша колледждерге орналастырылады. Оқу ағарту министрлігі қосымша 3182 орын әзірледі. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Су тасқыны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері шешіліп жатыр
Тегтер:
экономика
әлеуметтік саясат
баспасөз орталығы
қауіпсіздік
брифинг
Қазақстан
жаңалықтар
инфрақұрылым