Су тасқыны басталғалы бері 102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала орналасты. 10 120 адам үйлеріне оралды. 9,1 млн астам текше метр еріген қар суы тартып шығарылды, 1,7 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде мәлім етті.