Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев атап өткендей, Құлсары қаласында газ беру үрдісі қалпына келтіріледі, осы мақсатта екі ауысымда жұмыс істейтін 4 бригада жұмылдырылды. Өтінімдер тәулік бойы қабылданады.