БҚО-да жағдай күрделі. Өңірде 20 күн бұрын төтенше жағдай жарияланған. Орал қаласы мен 4 ауданда су басу қаупі сақталады. Еріген қар суынан төнген қауіп сейілді. Алайда Жайық өзеніндегі су деңгейі қарқынды көтеріліп жатыр. Соңғы тәулікте су деңгейі 34 см-ге дейін көтерілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Төлеуіш Нұржан ОКҚ брифингінде хабарлады.