Көктемгі су тасқынына байланысты Ақтөбе облысының алты ауданы мен Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипатқа ие төтенше жағдай режимі сақталуда. Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы шаралар атқарылып жатыр. Бұл жақта 81 үйді су басқан еді. 2024 жылғы 23 сәуірде Ырғыз ауданында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Белшер кентінде 90 дана қап төселіп, 30 тонна инертті материал әкелінді. Құйлыс ауылында 150-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр, 9 бірлік техника тартылды, 310 дана қап төселіп, 90 тонна инертті материал әкелінді. Бұл туралы Ақтобе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева ОКҚ алаңында хабарлады.