Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде су тасқынының салдарын уақытылы жою үшін Жедел штаб құрылып, оның мүшелері су басқан аумақтардың әрқайсысын аралап, жағдаймен танысқан, сондай-ақ зардап шеккен аймақтардың жағдайын күнделікті бақылап отыратын Ахуалдық орталық қызмет етуде. Жергілікті атқарушы органдардың жедел ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 5 678 тұрғын үй су астында қалып отыр, оның ішінде 5 607-сі жеке тұрғын үйлер және 71-і көп пәтерлі тұрғын үйлер, сондай-ақ 17 907 саяжай үйлері бар. Бұл жайлы ҚР ӨҚМ ресми өкілі Ибраева Меруерт ОКҚ брифингінде хабарлады.