Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз», QazaqGaz, «Самұрық-Энерго», KEGOC, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялары басшылығының қатысуымен Энергетикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасында биылғы ақпан айында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.