Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істей бастады. Бұл бастама Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оқу жылының басынан бері 3,7 млн қазақстандық ата-ананы қатыстыра отырып, 140 мыңнан астам оқу-жатығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.