Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ға инвестордың іс-қимыл барысы егжей-тегжейлі жазылған жаңа әдістемелік анықтамалық таныстырылды. Әрбір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган инвесторлармен жұмыс істеу кезінде осы нұсқаулықты басшылыққа алатын болады, деп хабарлайды Primeminister.kz.