Еліміздің барлық өңірлерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеу құрметіне ҰОС ардагерлеріне кемінде 1,5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Жалпы алғанда, 50,1 мың адамға (ҰОС ардагерлеріне және Жеңіске үлес қосқан адамдарға) жергілікті атқарушы органдармен 3 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.