Су тасқыны басталған сәттен бастап медициналық ұйымдар медициналық көмектің барлық түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін толық дайындық режимінде жұмыс істеді. Осылайша жедел медициналық жәрдем қызметтерінің, стационарлардың қабылдау пунктерінің және МСАК ұйымдарының жұмысы күшейтілді. Су тасқыны басталғаннан бері эвакуациялық пунктерде тәулік бойы жұмыс істейтін 106 медициналық пост орналастырылды. Эвакопункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 600-ге жуық медицина қызметкері, оның ішінде 101 дәрігер, сондай-ақ 47 психолог тартылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Уразалиева ОКҚ брифингінде мәлімдеді.