ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыру бойынша «Бірге салайық!» атты жобасына бастама жасады. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.