2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 126 кәсіпорны 9,7 мың жұмыскерге 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 3,2 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.