Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелері қаралды. Өткен жылғы қыркүйектегі Президенттің халыққа арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ бұқаралық туризмді дамыту мен инвесторларды тартудың әлеуеті жоғары бірқатар өңірдің басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.