Тұрғын үйлер «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық көмегі есебінен салынуда. Амангелді, Амантоғай, Ағаштыкөл, Байғабыл, Есір және Қарасу ауылдарының халқы үшін тұрғын үйлердің құрылысымен Әулиекөл ауданы мен Рудный қаласының құрылысшылары айналысады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.