Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 553 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 988 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.