Елімізде су тасқынынан кейінгі зардаптарды уақтылы жою мақсатында Министрлік жанынан Жедел штаб құрылды. Бүгінгі таңда 21 785 тұрғын үй су тасқынынан зардап шекті, оның ішінде 9 843 саяжай жалғыз тұрғын үй деп танылды. Елімізде су тасқынынан зардан шеккен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, өңірлерде тұрғын үйлерді салуды, жөндеу жұмыстарын және сатып алуды аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.