Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері қаралды. Шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру – Қазақстан экономикасын әртараптандырудың негізгі факторларының бірі. Үкімет отырысында осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.