Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәселе қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек, балалар туризмі мен бұқаралық спорт түрлері туралы Ермек Маржықпаев баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.