Қазақстанда шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейді, олардың 10-15 түрі қауіпті болып табылады. Шегірткелердің ең қауіпті түрлері - азиялық, мароккалық және итальяндық прус. 2024 жылы 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестерінің таралуы болжанып отыр, оның ішінде азиялық шегіртке – 186 мың га және Марокко шегірткесі – 281 мың га. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. Дархан Әбдікәрімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.