NEET жастарына өздерінің әлеуметтік идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Zhas Project мемлекеттік жобасының нәтижесі белгілі болды. Жобаға жұмыссыз жастардан жалпы 4 мыңға жуық өтінім түскен, олардың ішінен 280 өтінім іріктеуден өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.