ҚР Сауда және интеграция министрлігі ең алдымен жосықсыз бизнеспен жұмыс істеудің алдын алуға бағытталған тиісті заң жобаларын әзірледі, ол өткен жылы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Парламент депутаттары заң жобасының уақытылығы және тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау мәселелерінде сындарлы шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы оң қорытындылар берді. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.