Соңғы 3 жылда суда 1 мыңнан астам адам көз жұмды. Былтыр азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдеу кезінде 221 адамды, биыл жыл басынан бері 38 адамды құтқарды. Әрбір азамат судағы қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы керек. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов тағы да ескертті.