2019 жылдан бастап 7 негізгі ережені көздейтін «нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жұмыс басталды. Бүгінгі таңда 536 кәсіпорын осы тұжырымдамаға қосылды. Республика кәсіпорындарында 18 мыңнан астам өндірістік кеңес жұмыс істейді, онда 24 мыңнан астам еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор бар. 2023 жылы олар 111 мыңнан астам тексеру жүргізді. ЕҚжҚ талаптарының 142 мыңнан астамы бұзылғаны анықталды, оның 121 мыңы жойылды. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын одан әрі қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар кешені туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтып берді.