ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Қырғызстанға барып, Қырғызстанның Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиевпен екіжақты кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев та қатысты. Тараптар 2024 жылғы сәуірде Астанада Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері қол қойған «Одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты» және «Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді» іске асыруды талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.