Елімізде шаруаларға су үнемдейтін жүйелерді сатып алу және орнату үшін берілетін субсидия мөлшері бірден 30%-ға ұлғайтылды. Субсидияның мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін жетті. Бұл заманауи суару жүйелерін сатып алу, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге көмектеседі, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.