Астанада «Опералия-2024» халықаралық музыка фестивалі басталды. Іс-шараға Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Грузия, Украина және Чехиядан танымал әртістер қатысады. Қазақстанда екінші рет өтіп жатқан фестиваль – опера, балет және симфониялық өнердің көркемдігін айшықтайтын негізгі мәдени іс-шаралардың бірі, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.