2024 жылдың басынан бері 53,5 мың азамат, оның ішінде 27,2 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 427,2 мың қазақстандық тіркелген, оның 69,8 мыңы – 2024 жылы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.