Бүгінде қызылша ең жоғары маржиналды дақылдардың біріне айналды. Биылдың өзінде облыста 12,6 мың га жерге қант қызылшасы егілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 мың гектарға артық. 2026 жылға қарай егістік алқаптарын 15 мың га дейін жеткізу жоспарланған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3,6 есе артық. Вице-премьер Серік Жұманғарин Жетісу облысына жұмыс сапары аясында егіс науқанының қорытындыларымен және шегірткеге қарсы күрес барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.