Құрылыс материалдар қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін отандық өндірісті дамытуға инвесторларды тарту керек. Қазіргі уақытта ішкі өндіріс толығымен реттелмеген тауарлар бар: еден жабындары, тұсқағаздар, санфаянс. 2023 жылы құрылыс материалдарының импорты 1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4%-ға аз. Импорттың негізгі көлемі Ресейге (41%), Қытайға (23%) және Өзбекстанға (5%) тиесілі. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында мәлім етті.