Су ресурстары және ирригация министрлігі биылғы су тасқыны кезінде көлдерге, лимандарға және суармалы шабындықтарға 12,4 млрд текше метр су жіберді. Атап айтқанда, лимандарға 1,2 млрд текше метр, көлдерге – 4,5 млрд текше метр, өзен сағасындағы суармалы шабындықтарға – 6,7 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.