Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Заңның қабылдануы отбасы институтын нығайту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы маңызды қадам болды. Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамалық деңгейде отбасы саясаты саласындағы уәкілетті органға айналды. Сондай-ақ Министрлік Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру тәртібін үйлестіреді және жұмысын айқындайтын болады. Бұл жайлы ҚР МАМ Жастар және отбасы комитеті төрағасының орынбасары Найла Мұхтарова ОКҚ брифингінде айтып берді.