Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң кішкентай азаматтарды қорғауға жасалған маңызды қадам. Бұл балалар үшін кез келген зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз және гүлденген болашаққа деген үмітті білдіреді. Заң туралы айтатын болсақ, көпшілік оны тек жазаны қатаңдатумен, зорлық-зомбылықтың көпн түріне қылмыстық жауапкершілік қарастырумен байланыстырады, бірақ заң балалардың құқықтарының бұзылуын анықтау, жедел әрекет ету, жазалау және көмек көрсетуді қоса алғанда, балалық шақты қорғаудың біртұтас құрылымын қалыптастырғанын есте ұстаған жөн. Бұл туралы ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдеді.