Өңірлерде шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша қорғау шаралары аясында фитосанитарлық мониторинг күшейтілді. Зиянкестердің таралу орындарын тексеруді 17 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала және 168 аудандағы агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Әдістемелік орталығы жүргізеді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.