Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 61,8 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.