Әділет министрлігі Цифрлық даму министрлігі және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, eGovMobile Business қосымшасында заңды тұлғалар үшін сенімхатты онлайн ресімдеу жобасын іске асыруда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді. Енді заңды тұлғалар өз қызметкерлеріне сенімхатты электронды форматта бере алады. Олар «цифрлық құжаттар» қызметінде қолжетімді болады.