Биология пәнінен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиада биыл алғаш рет Қазақстанда өтеді. Үкіметте «IBO-2024» атты білім додасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.